Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйектері сына беретін он жасар қыз баланың анасы жанұшыра көмек сұрауда

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда он жасар қыз балаға шұғыл түрде көмек қажет. Бір жасынан бастап сүйегі сан мәрте сынған Аружан Оразбековаға "хрустальді бала" диагнозы қойылған. 2013 жылдан бері көршілес Ресейде ем алған қызды анасы енді ота жасатып, аяғынан тік тұрсам дейді. Бул туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

2013 жылдан бастап Мәскеудің GMS клиникасында әр төрт ай сайын ем алған жеткіншекке ендігі кезекте шұғыл түрде ота қажет.

"Қазіргі уақытта сүйектері қатайды. Енді аяқтарын түзеп жүргізу үшін операция қажет. Аружанның арманы аяғымен жүріп мектепте оқу. Қазіргі уақытта 3 сыныпты үйден оқып жатыр. Өзім екінші топтың мүгедегімін, елордада 2011 жылдан бастап үй кезегінде тұрмыз.

Бірақ пәтер кезегі жылжитын емес. Жолдасым құрылыста жұмыс істейтін, таяуда өкпесіне ота жасатып, үш айға жуық уақыт бойы жұмысқа шығуға тыйым салынды.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
Үлкен ұлым биыл 11 сыныпта оқиды. Кіші қызым Аружанға қазір 8 миллион теңге керек болып тұр. Мәскеулік дәрігерлерден қараша айында шақырту алғанбыз. Алайда ақшаның тапшылығынан күні бүгінге дейін қызымызды отаға апара алмай отырмыз", - дейді Аружанның анасы Гүлвира Оразбекова.

Қызына жанұшыра көмек сұраған ана Аружанды қалай да аяқтан тік тұрғызсам дейді.

"Қазақстанда "хрустальді" балаларды емдеуге өкінішке орай мүмкіндік жоқ. Сол себепті шетелдік дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүрміз. Мәскеудің өзіне Германиядан дәрігерлер келіп, ота жасауы тиіс.
Өзім де екінші топтағы мүгедек болғандықтан, жұмысқа шыға алмаймын. Сол себепті көпшіліктен қасиетті Рамазан айында жанұшыра көмек сұрап отырмын. Аружан қызымыздың аяқтан тік тұруына дұға тілеп, көмек қолын созсаңыздар екен деймін", - дейді екі баланың анасы.

Аружан Оразбековаға көмек қолын созамын дейтіндер келесі карта номеріне ақша аудара алады:

Операция құны 8000000 тенге (8 млн).

Анасы Оразбекова Гулзира Сериковна: 87756507639

Халық банкі: 4402 5735 4335 5541

Каспий голд: 5169 4931 2917 6338

ИИН 760827402541

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793647-elordada-sjekteri-syna-beretin-on-zasar-kyzdy-anasy-zansyra-kmek-srauda/

pixel