RU
Оразада мәкрүһ болмайтын іс-әрекеттерді білесіз бе?
Жаңалықтар Қоғам

Оразада мәкрүһ болмайтын іс-әрекеттерді білесіз бе?

Рассказать Вконтакте

"Нұр Астана" мешітінің наиб имамы Абдуссамад Махат Рамазан айында мәкрүһ болмайтын іс-әрекеттерді атады деп хабарлайды muftyat.kz.

Көрнекі фото: samddn.ru

Көрнекі фото: samddn.ru

Оразада мына іс-әрекеттерді істеу мәкрүһ болмайды:

1. Шәһуеттің қозуына алып бармайтындай жағдайда сүю. Мысалы, апасы немересін.

2. Мұртты майлау.

3. Көзге сүрме жағу.

4. Мисуак пайдалану.

"Мисуак" деп арнайы талдың бұтағынан жасалатын тiс тазалағышты айтады. Ұйқыдан тұрғанда, мешiт немесе үйге кiргенде, дәрет алғанда, намаздан бұрын тісті мисуакпен тазалау – сүннәт.

5. Ауыз, мұрынды шаю.

6. Тым ыстық уақытта салқындау үшін шайыну. 

Сонымен қатар, салқындау үшін киімді сулауға болады. Бұл Имам Юсуфтың пәтуасы.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
9
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel