Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК: Ислам мемлекеті Қазақстанда лаңкестік әрекеттерді жоспарлаған

Опубликовано:

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рақымбердиев шетелдік топтардың Қазақстанда теракт ұйымдастырмақ белсенділігі төмендегенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото pixabay.com
Көрнекі фото pixabay.com: UGC
"Иә, дәл солай... Жұмыс істеп жатырмыз. Цифр төмендеуде. 2016-2017 жылы жобамен 10-12, 2018 жылы - 3-5 шамасында", - деді ол "Жусан-2" операциясына қатысты сыртқы істер министрлігінде өткен арнайы брифингте.

Оның мәліметінше, лаңкестік әрекеттерді түрлі топтар дайындайды.

"Бұл біз айтып жүрген ең алдымен Ислам мемлекеті. Олардан бөлек басқалары да бар. Спектр өте үлкен", - деді Рақымбердиев.

"Соңғы үш жылда Ислам мемлекеті Қазақстанда террорлық шабуылдар ұйымдастыруды жоспарлады деп сенімді түрде айта аламыз ба?", деген сұраққа ҰҚҚ өкілі:

"Әрине. Қаңтар айында біз бұқаралық ақпарат құралдарында Алматыда болған лаңкестік шабуылдың тоқтатылғаны туралы хабар бердік. Олар іс жүзінде, дайын жарылғыш заттармен ұсталды. Олардың барлығы да шетелден келіп жатыр", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793655-kk-islam-memleketi-kazakstanda-lakestik-reketterdi-zosparlagan/

pixel