RU
Болашақ енесі анасын балағаттаған алматылық жігіт сүйіктісінен бас тартты

Болашақ енесі анасын балағаттаған алматылық жігіт сүйіктісінен бас тартты

Рассказать Вконтакте

Алматылық жігіт болашақ енесінің туған анасына деген әрекетін жақтыртпай, сүйікті қызымен қош айтысқан. Ғашығына сырға салып, қалың малын берген азамат, барлық сыйлықтарды қайтарып алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: gidnevest.ru

Көрнекі фото: gidnevest.ru

Алматылық Мадиярадың (авт. аты-жөні өзгертілді) жасы биыл 25-ке толған. Сүйіктісімен жарты жыл бұрын танысқан ол, оған бірден ғашық болып, үйлену туралы ұсыныс айтады. Алайда қос ғашықтың махаббат дастаны ұзаққа бармайды. Бозбала болашақ енесінің дөрекі әрекетін көріп, сүйген қызын жар етуден үзілді-кесілді бас тартады.

"Анам әпкем екеумізді жалғыз өзі өсірді. Әкеміз ерте қайтыс болып, әпкем мен мені өсіріп, жеткізу үшін барын салды. Ал бұрынғы қызыммен жаңа жылдың алдында таныстым. Тәрбие көрген, әдемі, ибалы қыз. Бірақ анасы мен ойлағандай болмай шықты. Қалада тұратын, ауқатты адамдар болғандықтан, анамды бір көргеннен ұнатпай, менменсіне қараумен болды.

Бәріне көз жұма қарап, не де болса қызы үшін өзгерер деп үміттендім. Сөйтіп сырға салып, қалың малды да бердік.

Тойдың күнін де белгілеп қойған едік. Бірақ соңғы кездесуде болашақ енемнің анамды балағаттағанын көргенде, сол жерде бәріне нүкте қойдым. Тойдан бас тартып, қалың малға берген қаражатты да қайтарып алдым. Олар бірінші күннен-ақ анамды кісі демеді. Маған болашақ жарымнан гөрі, анам артық. Ол кісінің осылай намысының тапталғанынан жол бере алмадым", - дейді жас жігіт.

Азамат бойдақ жігіттерге аналарын ешқашан жерге қаратпауды сұрады.

"Ананың ақ сүтін ақтай алмасақ, несіне жігіт болғанымыз? Әрине бұрынғы қызымды әлі де қимаймын. Бірақ анасының әлгіндей қылығын есіме алсам, дұрыс шешім қабылдадым деген ойда қаламын. Аналарымызды ешқашан жерге қаратпайық. Қыз табылар, ал ана біреу", - деп әңгімесін аяқтады жігіт.
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
1
2
62
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel