RU
Екі жылдық үзілістен кейін Жаңқош Тұраров рингке қайта оралмақ
Жаңалықтар Қоғам

Екі жылдық үзілістен кейін Жаңқош Тұраров рингке қайта оралмақ

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров екі жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралмақ. Боксшының кезекті жекпе-жегі бірінші маусымға жоспарланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық кәсіпқой бокстың ВКонтакте желісіндегі тобында жарияланған ақпаратқа сәйкес, спортшының келесі жекпе-жегіне қатысты ақпаратты менеджері Асқар Салықбаев бөліскен.

Оның сөзінше, Жаңқош бірінші маусым күні Уэльс астанасы Кардиффте келесі кездесуін өткізеді.

Салықбаев боксшының қарсыласы алдағы уақытта белгілі болатынын алға тартты.

Жанқош осыған дейін екі жыл бойы шаршы алаңға шықпады. Ол соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың 9 қыркүйегінде өткізіп, төрешілердің шешімімен аргентиналық Бруно Леонардо Ромаяны жеңген.

Айта кетейік, 2019 жылдың сәуір айының соңында MTK Global менеджерлік компаниясы Жаңқош Тұраровпен келісім шартқа отырды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel