RU
Әлішер Усманов Ұлыбританияның ең бай он адамының қатарына енді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Әлішер Усманов Ұлыбританияның ең бай он адамының қатарына енді

Рассказать Вконтакте

The Times басылымы Ұлыбританиядағы ең бай мың адамның аты-жөнін жария етті. Бұл тізімге Ресейдің үш кәсіпкері кірді деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Әлішер Усманов. Фото: РИА Новости/Владимир Астапкович

Әлішер Усманов. Фото: РИА Новости/Владимир Астапкович

Жыл сайын жарияланатын тізімге бірінші рет Alfa Group және LetterOne компаниялары қожайындарының бірі Михаил Фридман енген. 10,9 миллиард фунт стерлингі бар кәсіпкер оныншы орында тұр.

2016 жылы Фридман 65 миллион фунтқа Лондонның солтүстігінен зәулім үй сатып алған.

Forbes оны Лондонның ең бай адамы деп атаған еді.

Ауқаттылар тізімінде сегізінші орында Ресейдің олигархы Әлішер Усманов тұр.

Оның байлығы 11 миллиард фунтқа бағаланды.

Тоғызыншы орындағы миллиардер Роман Абрамовичтің де 11 миллиард фунты бар екені айтылған.

Басылым мәліметіне сәйкес, өткен жылы Усманов пен Абрамович байлықтарын арттырған.

Тізімнің бірінші сатысына ағайынды Шри және Гопи Хиндуя орналасты.

Тегі үнді миллиардерлердің 22 миллиард фунт стерлингі бар.

Олар өнеркәсіптің түрлі салаларына және қаржы секторына инвестиция салумен шұғылданады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel