RU
Президент инвесторлар ақшасына салынған медициналық орталыққа барды
Жаңалықтар Қоғам

Президент инвесторлар ақшасына салынған медициналық орталыққа барды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Uniserv medical center» көпсалалы медицина орталығына барды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Президент

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Орал қаласында биыл ашылған «Uniserv medical center» көпсалалы медицина орталығын аралап көрді. 

Замануи техникалармен жабдықталған денсаулық сақтау мекемесі алдын ала зерттеліп, сұранысқа сай бейімделіп салынған.

Бұрындары облыс тұрғындары емделу үшін көрші елдің қалаларына көптеп баратын. Енді жергілікті тұрғындар осы орталықтан-ақ сапалы медициналық көмек алып отыр.

Президент

Фото: Ақорда

Жеке инвестиция есебінен салынған медициналық орталық көз және тіс аурулары бойынша консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетеді. 

Қазақстан президенті орталықты өз қаржысына салып, мамандарын Оңтүстік Кореяда, Ресейде оқытқан инвесторға ризашылығын білдіріп, медицина қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel