RU
Түркия елшісі Қырғызстандағы ауызашар кезінде шу шығарды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Түркия елшісі Қырғызстандағы ауызашар кезінде шу шығарды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қырғызстандағы түрік елшісі Женгиз Камил Фырат ауызашар кезінде жанжал шығарды. Оған ҚМДБ ұйымдастырған кешкі асқа ФЕТО өкілінің шақырылғаны ұнамай қалған деп хабарлайды "24.kg" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ррррр

Видеодан алынған кадрлар

Камил Фырат ауыз ашатын уақытқа санаулы минуттар қалғанда кетіп қалған. Оның қатты ашуға булыққан сәті түсірілген видео желіде таралып кетті.

Қырғызстанның Діни басқармасы бұл оқиғаның 8 мамыр күні болғанын мәлімдеді. Басылымның жазуынша, елші ауызашарға шақырылған қонақтарға, анығын айтқанда, «Сапат» оқу орталығының директоры Орхан Инандаға наразы болған.

"Рамазан айында сіздер террористі шақырып отырсыздар. Бұл не деген мүфтият? Мен сіздерге $35 миллионға мешіт тұрғызып бердім, ал сіздер мені лаңкеспен бір орынға жайғастырмақсыздар", - деп келтірді елшінің сөздерін аталмыш басылым.

Сонымен бірге, Фырат оларға Түркия мен террористердің арасында таңдау жасау қажет екенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
4
0
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel