RU
Ақтөбеліктер Иегова куәгерлері шіркеуінің жабылуын талап етуде
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеліктер Иегова куәгерлері шіркеуінің жабылуын талап етуде

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеліктер Иегова куәгерлері шіркеуінің алдында арнайы наразылық шарасын өткізді. Қала тұрғындары діни ұйымның жабылуын талап етуде. Наразы топтың сөзінше, аталмыш бірлестік салдарынан бірталай адам зардап шеккен. Олардың арасында пәтерінен айырылып қалғандар да бар болып шықты деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: видеодан кадр КТК

Фото: видеодан кадр КТК

Ақтөбе шетіндегі шіркеуде Иегова куәгерлерінің құлшылық етіп келе жатқанына жиырма жылдан асқан.

Алайда, әдетте мінәжат ететін дін өкілдері, бұл жолы қақпа алдына қарағыштаумен болды. Себебі, наразылығын айтып шыққан жұртшылық діни ұйымның жабылуын талап етуде.

Жиналғандардың сөзінше, олар осы иегова куәгерлеріне алданып қалған көрінеді.

Бірі аталмыш ұйым кесірінен отбасымен араласпай кетсе, енді бірі баспанасынан айырылып қалғанын айтады.

"Әжем Иегова куәгерлеріне үйімізді тарту етті. Құжатты рәсімдеп бергеннен бір апта өтісімен қайтыс болды. Олардың әжемнің басын айналдырып, психологиялық қысым көрсетіп, алаяқтық жолмен баспанамызды алғанына сенімдімін. Қазір мен екі баламмен солардың кесірінен далада қаңғып қалдым" , - дейді қала тұрғыны Юля Ярославцева.

Ал діни бірлестік басшылары мұның бәрі жала деп отыр. Алайда, олардың ашық мәлімдеме жасағысы жоқ.

Айта кетейік, Иегова куәгерлерінің алғашқы қауымы Қазақстанда ресми түрде 27 жыл тіркелген болатын. Өңірлерде ұйымның алпысқа жуық бірлестіктері бар.

Елімізбен көршілес мемлекеттердің барлығы дерлік бұл ұйымға тыйым салған. Ресейдің өзі екі жыл бұрын оларды экстремистік ұйым деп таныған.

Дереккөз: КТК.

Сіздің реакцияңыз
2
2
6
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel