RU
Нурмагомедовтың таяуда спорттағы мансабын аяқтайтыны рас па? (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Нурмагомедовтың таяуда спорттағы мансабын аяқтайтыны рас па? (видео)

Рассказать Вконтакте

Хабиб Нурмагомедов жақын арада спорттағы кәсіби мансабын аяқтауы мүмкін. Ол бар-жоғы үш жекпе-жек өткізіп, UFC әлемімен қош айтыспақ. Танымал спортшының болашаққа жоспары жөнінде әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедовтің өзі айтып берген деп хабарлайды YouTube желісіндегі OсtagonTV арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/KhabibTheEagle

Фото: facebook.com/KhabibTheEagle

Хабибтің әкесі ұлы сәтті үш жекпе-жегінен кейін үлкен спорттан кетуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Анықталғандай, Нурмагомедов мансабын барынша жақсы нәтижемен аяқтауды қалап отыр. Оған қоса, Хабиб 30 жекпе-жек бойы жеңіліс таппаған спортшы атанғысы келеді екен.

Еске сала кетейік, ресейлік спортшының келесі кездесуі жетінші қыркүйек күні болады. Бұл жолы ол америкалық Дастин Порьеге қарсы шықпақ. Екі спортшының жекпе-жегі Әбу-Дәбиде өтетін UFC 242 турнирінің басты кездесуі болмақ.

Сонымен қатар, Абдулманап Нурмагомедов ұлының танымал файтер Тони Фергюсонмен жұдырықтасқанын қалайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel