Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балабақшадағы таңертеңгілікте өз-өзімен билеген балақай жұртты күлдірді

Опубликовано:

Балабақшадағы таңертеңгілікте би билеген балайқайлардың видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. insta_azil парақшасына жарияланған видеода кішкентай бала әуен қосылған сәтте жанында жұбы болмаған соң, еш саспастан өз-өзімен билей бастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Балабақшадағы таңертеңгілік кезінде кішкентай балақай бидегі жұбы жанынан табылмағандықтан, әуен ойнаған сәтте өз-өзімен билей бастаған.

Тек бірнеше секундтардан кейін тәрбиеші балақайды жұбына қосқан.

Әп-сәтте желіге тарап кеткен видео оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары баланың тапқырлығына тәнті болды.

"Молодец", "Жарады!", "Тіпті саспады ғой", "Базар жоқ, саспайды екен", "Күлкісін қараңдаршы" , "Тапқыр екен", "Жігіт жарады, бастысы сасқалақтаған жоқ" - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793728-balabaksadagy-taertegilikte-z-zimen-bilegen-balakaj-zrtty-kldirdi/

pixel