RU
Жанар Хамитова Нұржан Керменбаевпен ара қатынасына қатысты өз шындығын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жанар Хамитова Нұржан Керменбаевпен ара қатынасына қатысты өз шындығын айтты

Рассказать Вконтакте

Сахнаға 11 жылдан кейін оралған Жанар Хамитова бұрынғы ғашығы Нұржан Керменбаевпен ара қатынасы туралы өз шындығын айтты. Әнші ел арасында өзіне қатысты тарап кеткен қауесеттерге тоқталған деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Отандық бағдарламада сұқбат берген Жанар Хамитова өзімен бір топта ән салған Нұржан Керменбаев кезінде арасында махаббат болғанын мойындаған.

"Кеше желіде мен онымен дуэт жазғым келіп жүргені туралы ақпаратқа тап болдым. Қызық болды. Мен негізі, бас тартататын адам емеспін. Бұрында болған өкпе-ыза бірден ұмытылады мен үшін. Егер, шынымды айтсам, Нұржанмен дуэт орындағым келмейді. Бізде жетерліктей дуэт болды. "Егіз лебіз" бен "Сенен басқа" жетеді. "Арнауда" мен жақсы жұмыс істедім.
Мен одан да Сивимен, Айжан Нұрмағамбетовамен, Мақпал Жүнісовамен ән жазғым келеді. Біріншіден, Нұржанмен біз тіпті хабарласқан жоқпыз. Мен соңғы рет оған бес-алты жыл бұрын хабарласқан болатынмын. Әңгімеміз дұрыс болған жоқ. Мен бала босанғаннан кейін, ана болғаннан кейін өмірге кішкене басқаша қарай бастадым. Нұржан ол кезде бойдақ. 15 минуттай сөйлестік. Тіл табыса алмадық.
Мен топтан кеткенде қиын уақыт болды. Рас айтайық, махаббат болды ғой. Бірақ, біз жас болдық. 16-17 жаста қандай отбасы? Мен оны тастап кетті деп жиі айтып жатады. Алайда, мен ешкімді де тастаған емеспін" , - деп ағынан жарылды Хамитова.

Оған қоса, әнші бұрынғы сүйіктісімен кездесу ұйымдастырып беруді сұраған. Ол халық арасында қызу талқыланып жатқан қауесеттерге сол жерде нүкте қойғысы келетінін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
12
3
0
1
3
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel