RU
Алматы облысында жаңа туған нәрестені саудалағандар сот алдына келді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында жаңа туған нәрестені саудалағандар сот алдына келді (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында жаңа туған нәрестені саудалау ісіне қатысты сот отырысы аяқталды. Айыпталушылар орындығында сәбидің анасы мен әжесі деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: purenurture.com

Көрнекі фото: purenurture.com

Екі әйел де 7 жылға шартты жазаға кесілді.

Бұдан бөлек Қаскелең орталық ауруханасының екі қызметкері мен нәрестені сатып алмақ болған әйел де сот алдында жауап берді.

Оларға да шартты жаза тағайындалды.

Санитар мен сатып алушы әйел 7 жылға, ал босану бөлімінің меңгерушісі 7 жарым жылға сотталды.

Сот процессіне қатысушылардың барлығы "Кәмелетке толмағандарды саудалау" бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Ал нәресте балалар үйіне жіберілген.

Оқиға өткен жылдың жазында болған. Ауруханадағы жайт туралы полицейлер біліп қойған. Кейіннен тәртіп сақшылары қылмысты әшкерелеген.

Ол кезде сәбидің әжесі отбасылары қаржылай қиындықтарды басынан өткергендіктен, нәрестені баласы жоқ үйге беруге шешім қабылдағанын айтқан.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
1
3
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel