RU

Мехикода қатты ластанған ауа салдарынан мектепте үзілістер болмайтын болды

Мексика астанасында ауаның қатты ластануына байланысты оқу орындарыда дене шынықтыру сабақтары мен үзілістер тоқтатылды. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мехикода ластанған ауа салдарынан мектепте үзілістер болмайтын болды
Көрнекі фото: rg.ru: Facebook

Мексиканың білім министрлігі бұл шара балалар мен жеткіншектер денсаулығына кері әсерді азайтуға бағытталғаннын хабарлады.

Шаһардың қоршаған орта сапасын тексеруші комиссия Мехико айналасындағы ормандарда көп өрт салдарынан ауада зиянды заттар мен жанудан бөлінген улы бөлшектер мөлшері күрт артқанын хабарлаған.

Бірнеше күн бұрын қаланың бірнеше ауданында ыстың иісі сезілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1793778-mehikoda-katty-lastangan-aua-saldarynan-mektepte-zilister-bolmajtyn-boldy.html