Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мешітке барған ресейлік актриса Алла үйінің сәулетіне таңдай қақты (фото)

Опубликовано:

Ресейлік танымал актриса Кристина Асмус желіге мұсылман киімімен түскен суретін жариялады. Анықталғандай, ол БАӘ-дегі демалысы кезінде Әбу-Дабидегі мешітке барған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Танымал ресейлік әзілкеш Гарик Харламовтың жары мешітте түскен фотосын Instagram парақшасында жариялаған.

Кристина Асмус асқақ арманы орындалғанын айтып, Заид шейхы атындағы мешіттен алған әсерімен желіде бөліскен.

"Аңсаған армандарымның бірі бүгін орындалды. Мен Әбу-Дабиде орналасқан Зайд шейхы мешітінде болдым. Бұл сәулет өнерінің нағыз жауһары. Бұл мешіт әлемдегі ең ірі мешіттердің бірі болып саналады.
Бірде-бір сурет бұл қасиетті жердің сұлулығын жеткізе алмас. Сөзіме сеніңіздер. Аумағы мен әдемілігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Тіпті суреттерді қарап отырсам, денем әлі тітіркенеді" , - деп жазды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1793800-mesitke-bargan-resejlik-aktrisa-alla-jini-suletine-tadaj-kakty-foto/

pixel