RU
"Жындыханадан көруге болады": Ұстаздар жайлы әзілдеген "Нысана" қатаң сынға ілікті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Жындыханадан көруге болады": Ұстаздар жайлы әзілдеген "Нысана" қатаң сынға ілікті

Рассказать Вконтакте

Елімізге белгілі шымкенттік "Нысана" театры қатаң сынға ілікті. Мұғалімдер туралы әзілдеген жігіттер жұрттан кешірім сұрауға мәжбүр болды деп хабарлайды "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: videomore.ru

Фото: videomore.ru

Сахнада екі аяғының арасынан бір-біріне қарап, мұғалім мен оқушының рөлін ойнаған әзілкештерді бағдарламаға келген қонақтар әбден сынады.

Олар болашақ ұрпақты осылай тәрбиелеу қажет пе деген мәселені ортаға салды.

"Екі аяғының астынан оқушыға қарап тұрған мұғалімді жындыханадан ғана көруге болады", "Бес еркектің біреуі міндетті түрде әйел образын алып шығады", "Мұғалімді мазақ қылып көрсетуге болмайды", "Нысанамызға "Нысана" театры ілігіп қалған сияқты", "Болашаққа тәрбиелеп отыр ма мыналар?", -деді студияға келген меймандар.
Фото: Ernur.kz

Фото: Ernur.kz

Ал жобада өз пікірін білдірген Есен Елеукен "Нысана" жігіттерінің "Жайдарманда" жүрген сәттерін еске алды.

"Бұрын "Жайдарман" ойнап жүрген кезінде жап-жақсы балалар еді. Кейін театрға кетті. Бұл жөнінде енді Әбунасыр мырзадан сұраңыздар",- деді ол.

Өз қателіктерін түсінген "Нысаналықтар" баршадан кешірім сұрады.

Сіздің реакцияңыз
19
2
1
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel