RU
Алматыда сүйіктісімен аймаласқан троллейбус жүргізушісі видеоға түсіп қалды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда сүйіктісімен аймаласқан троллейбус жүргізушісі видеоға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Троллейбус жүргізушісі мен оның сүйіктісінің әрекеттерін қоғамдық көліктегі камера түсіріп алған. Бұл әрекеттер бойжеткен қоғамдық көлікті жүргізіп келе жатқанда болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда сүйіктісімен аймаласқан троллейбус жүргізушісі видеоға түсіп қалды

Фото: Видеодан скриншот

Видео Instagram-ғы "kris_p_brothers_official" парақшасында жарияланды.

Жүргізуші мен жігітінің аймаласқан сәтін троллейбус салонындағы камера түсіріп алған.

"Кешірім сұраймыз. Қазір қызметтік тергеу жүргізіп жатырмыз", - деді "Алматыэлектротранс" өкілдері.

Бұл видео әлеуметтік желіде жылдам тарап, алматылықтардың ашуын тудырды.

InAlmaty мәліметінше, компания аталмыш фактіні растады. Қызметтік тергеу жүргізіліп, жүргізуші тәртіптік жазаға тартылатынын уәде етті.

Компания бұл роликтің кейіпкерлері ерлі-зайыптылар екенін атап өтті. Алайда бұл жүргізушінің жазасын жеңілдетпейді.

Басылымның жазуынша, тексеріс кезінде жүргізуші жіберген бірқатар тәртіп бұзушылықтар анықталған.

Сіздің реакцияңыз
10
1
6
0
3
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel