Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев кіші Аралдан айырылып қалмау шараларын қолға алуды тапсырды

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Қызылорда облысының әкімдігіне кіші Аралдан айырылып қалмау шараларын қолға алуды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: time.kz
Көрнекі фото: time.kz: UGC

Мәселені мемлекет басшысы Қызылорда облысы жұртшылығымен кездесу барысында айтты.

"Халық Арал тағдырына алаңдайды. Елбасының бастамасы бойынша «Сырдария арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасы іске асырылуда. Осы жобаның және Көкарал бөгетінің арқасында Кіші Аралдағы су қалпына келді", - деді Тоқаев.

Қазақстан президенті Кіші Аралдың алдағы тағдырына алаңдайтынын жеткізді.

"Мәселелер мұнымен шектелмейді. Көкарал бөгетінің төменгі жағын Сырдария ағыны бұзып жатыр. Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін. Осы уақытқа дейін жиналған 27 млрд текше метр су зая кетпеуі керек. Үкімет пен әкімдікке шаралар қабылдауды тапсырамын", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1793837-tokaev-kisi-araldan-ajyrylyp-kalmau-saralaryn-kolga-aludy-tapsyrdy/

pixel