RU
"Тек бай жігітпен көңіл қосады": Қазақ қызы Кореядағы өмірі туралы шындықты айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Тек бай жігітпен көңіл қосады": Қазақ қызы Кореядағы өмірі туралы шындықты айтты

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында жұмыс істеген қазақ қызы шетелдегі тұрмыс-тіршілік туралы баяндады. Оның айтуынша, кәріс халқынан көп нәрсені үйренуге болады. Әсіресе, қыздарды сыйлау жағынан біздің үлгі алатын тұсымыз жеткілікті екен деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: yahoo.com

Көрнекі фото: yahoo.com

Арайлым бір жыл көлемінде Пусан қаласындағы зауыттардың бірінде еңбек еткен. Осы аралықта ол айтарлықтай табыс тауып, ата-анасына қол ұшын береді. Астанада тұралап қалған бизнесінен соң қаржыдан қысым көрген қазақ қызы құрбыларының шақыртуымен Кореяға аттаныпты. Бір жылдан соң елге оралған бойжеткен ондағы тұрмыс-тіршілік пен өмір салты туралы айтып берді.

"Маған кәріс халқының ең ұнаған қасиеті – адалдығы және ешкімді алдамайтыны. Ол жақта қаншалықты еңбек етсең, соншалықты ақша табасың. Артығымен жұмыс істесек, жалақың да артығымен төленеді. Мұны бәрі білетін шығар. Тағы да көңілімнен шыққан жайт – олардың ұлттарды бөліп-жармайтыны. Кәрістер барлық адамға тұлға ретінде қарайды, оны ұлтына бөліп, кемсітпейді. Қызмет көрсету орындары жоғары сапада. Ал мемлекеттік қызметкерлер өте жоғары жалақы алатындықтан пара дегенге мүлде жоламайды. Олар үшін отырған орынтағы маңызды. Сондықтан, пара атымен жоқ", - дейді ол.

Сондай-ақ, Арайлымды Оңтүстік Кореяда құмар ойындары мен жезөкшеліктің төмен деңгейде екені таң қалдырған.

"Әрине, қандай дамыған ел болса да, жезөкшелік, көлеңкелі бизнес, құмар ойындары дегеннен қашып құтылмайсың. Кореяда бұлар атымен жоқ демеймін. Бірақ жеңіл жүрісті қыздар туралы олардың қоғамында көп айтылмайды. Құмар ойындарына да заңмен тыйым салған. Жезөкшелердің аздығы мені таңырқатты", - дейді ол.
Көрнекі фото: pixmafia.com

Көрнекі фото: pixmafia.com

Дегенмен, Оңтүстік Кореяда қыздарға деген сұраныс жоғары.

"Кәріс халқы, әсіресе, кореялық жігіттер қыздарды қатты сыйлайды. Бұған ерлер санының көп, ал қыздардың тым аз екені де себеп шығар. Кәріс қыздарының бәрі сериалдағыдай сұлу емес. Олардың пластикалық отаға жиі жүгінетіні, бойларының, дене бітімдерінің шағын екені, аяқтарының көбіне қисық келетіні рас. Бірақ оларға күйеуге шығу, әсіресе, бай жігіттермен көңіл қосу өте оңай. Себебі, кәріс қыздарында таңдау көп. Олар өздерін асырай алатын, ақшалы, қалталы, үй-жайы бар жігіттерге ғана көз салады.
Жігіттері қыздарын алақанында аялап ұстайды. Бірақ жағдайы төмендеу ер-азаматтар үшін қиын екені рас. Өйткені, басында баспанасы болмаса, оларға қыздардың қарауы қиын. Сондықтан, Оңтүстік Кореяда жасы қырықтан асса да, жалғызбасты, бойдақ саналатын еркектер тым көп. Ал баспана өте қымбат болғандықтан, жағдайы орташа деңгейдегі жандар өмірлік теңін таппай, ұзақ жүріп қалады", - дейді Арайлым.

Арайлым кәріс жігіттерінің өте ибалы, әдепті әрі ұқыпты екенін алға тартты.

"Жеке өзіме кәріс жігіттері ұнады. Олар сені бөліп-жарып қарамайды. Қазақ жігіттері секілді сенің білімің бар ма, диплом алдың ба, жағдайың жақсы ма деп сұрамайды. Тіпті, сен ыдыс жуушы болып істесең де, саған деген құрметі төмендемейді. Бүгінде кәріс жігіттерінің шетелдік қыздармен отбасын құруы жиілеп кетті. Алғашында мемлекет бұған қарсы болғанымен, бүгінде рұқсат беріп отыр. Өйткені, үйленбей қалатын ер адамдар қатарының көптігі билікті де алаңдатады", - дейді Арайлым.
Сіздің реакцияңыз
23
5
4
3
6
40
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel