RU
Рамазан 2019: Ораза кезіндегі тыйымдар мен рұқсат етілген амалдар
Жаңалықтар Қоғам

Рамазан 2019: Ораза кезіндегі тыйымдар мен рұқсат етілген амалдар

Рассказать Вконтакте

Барша мұсылман үшін Қасиетті Рамазан айы биыл 6 мамыр күні басталды. Мұсылман қауым асыға күткен оразасын бастап, игі амалдарын орындауға кірісті. Ораза айт төртінші маусым күні басталады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рамазан 2019: ораза кезіндегі тыйымдар мен рұқсат етілген амалдар

Көрнекі фото: kabar.kg

Рамазан - Хижра күнтізбесінің тоғызыншы айы. Рамазан сөзі араб тілінен аударғанда «күйдіру, өте ыстық» деген мағынаны білдіреді. Яғни өткен күнәларды күйдіріп, өшіруші.

Оразаның мақсаты - тән мен жанның тазаруы, адам нәпсісін тыю. Ораза кезінде мұсылмандар өздерін су мен тамақтан ғана шектемейді, Аллаға тағзым етіп, оған құлшылық етеді.

Осы ай бойы игі істер жасап, қайырымдылықпен айналысып, садақа беру керек.

Бес парыздың бірі - ораза

Рамазан айында ауыз бекіту - ислам дінінің бес парыздарының бірі. Сондықтан да осы айдағы басты амал болып табылады және дүниежүзі мұсылмандары жыл сайын парыздарын орындауға асығады.

Сондай-ақ әрбір мұсылман Алладан басқа тәңір жоқ екеніне және Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куәлік етулері тиіс. Намаз оқу, зекет беру және қажылық ету де бес парызға жатады.

Рамазан 2019: ораза кезіндегі тыйымдар мен рұқсат етілген амалдар

Көрнекі фото: mendeleevsk.info

Рамазан айында не істеуге тыйым салынады?

  • Ораза кезінде күндіз тамақтанып, су ішуге, шылым шегуге тыйым салынады;
  • Ауыз берік кезде жыныстық қатынасқа түсуге болмайды;
  • Әдейі құсуға болмайды;
  • Тіс пастасын жұтуға болмайды;
  • Ауыз арқылы дәрі жұтуға болмайды;
  • Ауыз немесе тоқ ішек арқылы медициналық құрылғыларды денеге кіргізуге тыйым салынады (клизма, медициналық зонд).

Ораза кезінде рұқсат етілетін нәрселер:

  • Құлаққа дәрі тамызуға рұқсат етіледі, суға түскенде құлаққа су кірсе де, ораза бұзылмайды. Көз тамшыларын, линза тағуға рұқсат етіледі;
  • Қан тапсыруға, екпе салуға, қан құюға, тіс емдеуге рұқсат етіледі. Тек қанның жұтылмауын қадағалау керек;
  • Беттен сүю оразаны бұзбайды;
  • Крем жағу оразаны бұзбайды;
  • Сілекей жұтуға болады. Адам сіңбірігін ішке тартса да ораза бұзылмайды;

Ораза кезінде күн қалай өтеді?

Рамазан 2019: ораза кезіндегі тыйымдар мен рұқсат етілген амалдар

Көрнекі сурет: RestProperty

Таң атуға жарты сағат қалғанда мұсылмандар тамақтануларын тоқтатуға тиіс. Сәресіндегі ас "сухур" деп аталады.

Таң атысымен ауыз бекіткен өзін нәпсіден тыюға ниеттеніп, Алла ризалығы үшін таза ниет, кіршіксіз пейілмен құлшылық етіп, оразасын ұстайды. Рухани байиды.

Кешкі ас "ифтар" деп аталады. Күн батысымен (түрлі аймақта әртүрлі уақыт) әрбір мұсылман аузын ашады. Ауыз ашу үшін әдетте су немесе сүт, құрма, жемістер пайдаланылады.

Аузын ашқаннан кейін шам намаз оқылады. Рамазан айында Тарауих намазы оқылады. Оны оқу сүннет. Тарауихты ораза тұтқан да, тұтпағандар да оқыса, сауапқа кенеледі.

Пітір садақа беру

Рамазан 2019: ораза кезіндегі тыйымдар мен рұқсат етілген амалдар

Фото: baq.kz

Бұл сөз араб тілінен аударғанда бұл "жаратылыс" деген мағына береді, сондықтан кей ғалымдар пітірді "дененің зекеті" деп атайды. Пітір садақасы - күнделікті қолданыстағы негізгі қажеттіліктерден тыс, кем дегенде, нисап көлеміндегі байлыққа ие адамға міндетті садақа. 

Шариғаттағы үкімі – уәжіп. Рамазан оразасы парыз етілген жылы пітір садақасы да  уәжіп етілді. Шариғатымызда аталмыш садақаны Ораза айт намазына дейін берілгені дұрыс. 

Пітір садақаның мөлшерін әр елдің діни басшылары бекітеді.

Биыл пітір садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді. Алайда адам жағдайына қарай одан көп мөлшерде де беруіне болады.

2019 жылдың Рамазаны айы 4 маусымға дейін созылады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн — қасиетті жұмаға келіп отыр.

5 маусым күні Ораза айт мейрамы басталады.

Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп отыр.

Рамазан айы Аллаға құлшылық ету уақыты. Дегенмен бұл айдың көпшілік қауым білмейтін артықшылықтары да жоқ емес.

Ораза ұстаған адамның бойында көптеген оң өзгерістер болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel