RU
Министрлік мектеп бітіру кешіне ақша шашпай, оқу орнында өткізу керектігін айтты

Министрлік мектеп бітіру кешіне ақша шашпай, оқу орнында өткізу керектігін айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі мектепті бітіру кешін қымбат шараға айналдырмай, оны оқу орны қабырғасында өткізуді ұсынды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: belsat.eu

Көрнекі фото: belsat.eu

Министрліктің айтуынша, оқу жылының аяқталуына орай, оқушылар мен ата-аналарды мектеп бітіру кешін өткізудің форматы алаңдатады.

Сондай-ақ, ведомство ата-аналар комитетінің ақша жинайтындығы туралы хабарламалар жиі түсетінін атап өтті.

Ол отбасылық бюджетке салмақ салатындығын алға тартты.

Мұндай шағымдарға жауап ретінде білім және ғылым министрлігі ақшаны үнемдеу үшін түлектер кешін дәмханалар мен мейрамханаларда емес, мектеп қабырғасында өткізуді ұсынды.

"Министрлік мектеп бітіру кешінің мақсатын сәнді киімдер мен мол дастарханды көрсету емес, шын жүректен, жақсы ұйымдастырылған шара ретінде балалардың, мұғалімдер мен  ата-аналардың есінде қаларлық мектепішілік жиын деп есептейді.
Мектеп бітіру кешінің форматы қымбат әрі сән-салтанатқа толы болмауы керек", - деді ведомство.

Министрлік шара педагогтар мен ата-аналар және мектеп түлектері арасындағы жылы диалог түрінде өткені абзал екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, мектеп, аудан, қала, облыс, республикалық, халықаралық деңгейдегі спорттық, интеллектуалдық жарыстарда жеңімпаз болған, мектептің қоғамдық өміріне белсенді атсалысқан балаларды құрметпен атап өтудің орынды екендігін жеткізді.

Министрлік өкілдерінің ұсынысы бойынша, түлектер педагогтардың көмегімен креативті бағдарлама дайындап, ата-аналарына, сүйікті ұстаздарына және жанына жақын сыныптастарына алғыстарын білдіретін мағыналы әрі қызықты форматтағы кеш өткізе алады.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel