Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар: Жер шарын күшті магниттік дауыл басып қалды

Опубликовано:

Ресейдің Физика институтының ғалымдары бүгін Жер шары күшті магниттік толқындардың астында қалғандығын мәлім етті. Зерттеушілердің айтуынша, мұндай күндері адамдардың денсаулығы күрт нашарлауы мүмкін екен деп хабарлайды planet-today.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: bnkomi.ru
Көрнекі фото: bnkomi.ru: Instagram

Ресейдің П.Лебедев атындағы Физика институтының ғалымдары бүгін таңғы алтыда Жер шары күшті магниттік дауылдың астында қалғанын айтты. Алғашында мұндай дауылға G2 – орташа дауыл деңгейі берілсе, кейін дауылдың күшейгені анықталған.

Зерттеушілердің айтуынша, мүнда күндері адамдардың денсаулықтарында келеңсіздіктер орын алуы мүмкін екен. Олардың бірін бас ауруы мазаласа, енді бірі тез шаршап қалуы ықтимал екен.

Десе де ғалымдар мұндай дауылдардың қалыпты жағдай екенін алға тартуда. Олар мұндай күндері сабыр сақтап, денсаулықтарына баса мән беруге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1793880-galymdar-zer-saryn-ksti-magnittik-dauyl-basyp-kaldy/

pixel