Выйти
RU

"Жолымды байлаған": 25 жасқа дейін жігітпен жүрмеген қыз сырымен бөлісті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

25 жасқа дейін мүлде жігітпен жүрмегенін айтқан қыз жан сырын ақтарды. Бүгінде оның көңілі ешкімге бұрмайды екен. Бұл туралы бойжеткен Instagram желісіндегі "Үшбу хат" парақшасында баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: goodfon.ru

Көрнекі фото: goodfon.ru

Ағалары мен інісі бар ару екі жоғары оқу орнын аяқтап, жұмыс істеп жүр екен. Жанұясындағы жалғыз қыз осы уақытқа дейін бір жігітпен де кездесіп, жүріп көрмепті.

"Осы қалыпты нәрсе ме? Соңғы кездері ойланатын болдым. Бұрын топтағы қыздар жігітпен жүріп, мәз болып жүргенде, мен ата-анам, ағам бар, ұрсады, ұят деп ешкіммен сөйлеспеген екенмін. Мінезім ашық, сырттай тұйық деп ойлап қалады. Сымбатым, түрім Аллаға шүкір",- деді ол.

Оған қоса, бойжеткен бұл жағдайдың негізгі себебін де болжады.

"Бұрында бір тәуіп кісіге ауырып барғанда, "біреу сыртыңнан жігіттермен жүрмесін деп жолыңды байлаған" деп айтқаны есімде қалыпты. Сөз айтқан жігіттер менің ойымнан шықпайды, яғни ұнамайды",- дейді бикеш.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жолымды байлаған": 25 жасқа дейін жігітпен жүрмеген қыз сырымен бөлісті