Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде экологтарға "пысқырмаған" шенділер қаладағы талдарды кесіп тастады (фото)

Опубликовано:

Ақтөбеде талдардың жаппай кесілгеніне наразылық білдірген белсенділерге экологтар қосылды. Жергілікті билік қаланың қақ ортасына «Астана» саябағын салу үшін орманды отап, бұлақ көзін бітеп тастаған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде экологтарға "пысқырмаған" шенділер қаладағы талдарды кесіп тастады (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Getty Images
«Мына қиратып жатқан ағаштардың қалай егілгенін бала кезімнен көріп өстім. Жасыратыны жоқ, бұлардың кесілгенін көргенде ауырып қалдым. Бұл 30 жылдай тарихы бар орман.

Бұл жердегі ағып жатқан бұлаққа дейін көміп тастады. Осындай парк Орал қаласына да салынды. Олар бір талды кескен жоқ. Біздікілер бұл талдардың тамыры кесілмегенін, ертең әдемі болып өсетінін айтып жатыр.

Бірақ бұларды білмейтін адам кескен. Жас өскін бұтақтарына тиіспеу керек еді», - дейді қала тұрғыны Әлібек Мағауин.
Ақтөбеде экологтарға "пысқырмаған" шенділер қаладағы талдарды кесіп тастады (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Қаланың қақ ортасында кесілген ағаштарды көрген экологтар да шошып отыр.

Мамандар экологиялық жағдайы нашар өңірдегі ағаштардың тқырқылуына ашық қарсылықтарын білдірді.

«Егілген талдардың барлығы - қаланың өкпесі. Өкінішке орай, бұл жоба да, кесіліп жатқан талдар да экология департаментімен келісілмейді. Мына кесілген ағаштарды қазір ғана көріп тұрмын.

Мүмкіндігінше талды кесу жұмыстарын жасамаған дұрыс. Ақтөбе қаласы - өндірістік аймақ. Оның әсері бізге байқалады. Бұл өңір ауа-райы ластанған 5 аймақтың бірі. Сондықтан мұндай талдарды кесуге болмайды.

Егілген ағаштар сақталып қалу керек еді. Тал егу бөлек, біздің аймақта оның шығару қиын зат»,- дейді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерболат Қожықов.
Ақтөбеде экологтарға "пысқырмаған" шенділер қаладағы талдарды кесіп тастады (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

«Астана» саябағына бүгін әкімдік қызметкерлері легімен келді: Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімдігі, экология департаменті, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, қалалық әкімдік, мердігер компания және прокуратура өкілдері де жүр.

Шенеуніктер топ болып келгенімен саябақта қанша ағаштың қырқылғанын айта алмады.

Ақтөбеде экологтарға "пысқырмаған" шенділер қаладағы талдарды кесіп тастады (фото)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Instagram
«2018 жылы қалада 12 845 ағаш отырғызылды. Жылына екі рет тексеру жұмыстары жүргізіледі. Тексеру жұмыстары кезінде отырғызылған ағаштардың бес пайызы өспей қалған. Оның мердігер мекемелер өз тарапынан қалпына келтіреді. Саябаққа қатысты ештеңе айта алмаймын. Бізді осында жіберді», - деді Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Дастан Әжібаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793895-aktbede-ekologtarga-pyskyrmagan-sendiler-kaladagy-taldardy-kesip-tastady-foto/

pixel