Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолаушы "Нұр-Сұлтан-Сарыағаш" бағытындағы пойызда шу шығарды

Опубликовано:

Өзбекстан азаматы "Нұр-Сұлтан-Сарыағаш" бағытындағы пойызда шу шығарған деп деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: ptzgovorit.ru
Көрнекі фото: ptzgovorit.ru: UGC

Департаменттің мәліметінше, 12 мамыр күні 38 жастағы Өзбекстан азаматы жолаушылар пойызы вагондарының бірінде мас күйінде шу шығарған.

Ер адам өзін дөрекі ұстап, ескертулерді елемей, боқауыз сөз айтқан. Сонымен қатар, жолаушылардың тыныштығын бұзды.

Қарағанды облысының Ақадыр бекетінде қызметкерлер ер адамды пойыздан шығарып жіберген.

Медициналық көрсеткіштер ер азамттың орташа мас күйде болғанын анықтаған.

Көлік полицейлері ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөліміне сай әкімшілік хаттама толтырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793906-zolausy-nr-sltan-saryagas-bagytyndagy-poezda-su-sygardy/

pixel