RU
Алматыда сайлау күні қоғамдық көліктер тегін жүретін болады
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда сайлау күні қоғамдық көліктер тегін жүретін болады

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында сайлау күні барлық қоғамдық көліктердегі жол жүру тегін болады. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: bigasia.ru

Көрнекі фото: bigasia.ru

9 маусым күні оңтүстік астананың кез келген жеріне жол жүру ақысын төлемей тегін жетуге болады.

Кез келген алматылық тұрғын қоғамдық көлікпен сайлау учаскісіне тегін жетіп, қалаған үміткеріне дауыс бере алады.

Бұл күні қалалық мобилділік басқармасы "Ашық есік күні" науқанын өткізеді. Науқан аясында барлық маршруттар мен метрополитендегі автобустар мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін тегін жүретін болады.

Осылайша, Басқарма сайлау кезінде халықтың азаматтық белсенділігін арттыруға үмітті.

"Біз бұл күні тегін қоғамдық көлікті 700 мыңға жуық қала тұрғыны пайдаланады деп болжап отырмыз. "Ашық есік күні" науқаны тасымалдаушылар тарапынан әлеуметтік қолдау болып табылады", - деді Алматы қаласының жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қауымдастығында.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel