Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте парамен ұсталған шенеунік 45 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Опубликовано:

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының парамен ұсталған бұрынғы орынбасары ірі мөлшерде айыппұл төлейтін болды. Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық соты осындай шешім шығарды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шымкентте парамен ұсталған шенеунік 45 млн теңге айыппұл төлейтін болды
Көрнекі фото: www.arnapress.kz: UGC

Экс шенеунік қомақты қаржымен сыйақы алу үстінде құрықталған болатын.

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған Ғ.Н. келісім шарт түзу және тендер өткізу мәселелеріне жауапты болған.

Қылмыстық тергеп-тексеру кезінде бұрынғы шенеунік прокуратурамен процессуалдық келісімге келіп, өз кінәсін толық мойындаған.

"Сот сотталушыны жауапты қызметін пайдаланып мектеп асханасында қызмет көрсететін кәсіпкерден "қамқорлығына" 1 500 000 теңге алғаны үшін кінәлі деп таныды", - деп мәлімдеді Әл-фараби аудандық соты.

Сот шешімімен бұрынғы шенеунік бір ай ішінде 45 млн теңге айыппұл төлейтін боп міндеттелді.

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары сот залынан босатылды. Дегенмен мемелекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793934-symkentte-paramen-stalgan-seneunik-45-mln-tege-ajyppl-tlejtin-boldy/

pixel