Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұршақ, жаңбыр, жел: Елімізде ауа райы әр өңірде құбылмалы болады

Опубликовано:

15 мамыр күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, солтүстікте және солтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, найзағай болады деп болжануда. Сондай-ақ, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін деп хабарлайды "Қазгидромет".

Бұршақ, жаңбыр, жел: Елімізде ауа райы әр өңірде құбылмалы болады
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Синоптиктердің мәліметінше, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні 23-28 м/с артады. Ақтөбе облысында күндіз дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болжанады, түнде жел күшейеді, күндіз оның екпіні 15-20 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысының кей бөліктерінде күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда облыстарының бірқатар бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.

Маңғыстау облысында дауыл, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1793939-brsak-zabyr-zel-elimizde-aua-rajy-r-irde-kbylmaly-bolady/

pixel