RU
Шереметьевода өртенген ұшақтың жаңа видеосы пайда болды
Жаңалықтар Қоғам

Шереметьевода өртенген ұшақтың жаңа видеосы пайда болды

Рассказать Вконтакте

Шереметьеводағы ұшақ өрті: Ресейлік НТВ арнасы Sukhoi Superjet 100 жолаушылар ұшағының Мәскеудегі апаттық қонуы көрсетілген жаңа видео жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Youtube

Фото: Видеодан кадр/ Youtube

Кадрлардан шұғыл қонудан кейін әуе кемесінің ұшу-қону жолағында секіргенін байқауға болады. Артынша лайнер түтінге оранып, өртене бастайды.

Содан кейін борттағы адамдарды үрлемелі траппен эвакуациялау сәті көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 5 мамыр күні Мәскеуден Мурманскқа ұшып шыққан "Аэрофлот" әуекомпаниясы ауада пайда болған мәселелерге байланысты қайтадан әуежайға келуге мәжбүр болды. Төтенше жағдай салдарынан 41 адам көз жұмды.

Жантүршігерлік жағдай салдарынан бортқызметкер Максим Моисеев пен жолаушылар қаза тапты. Лайнерде 78 адам болған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel