RU
Ақсуда банк менеджері 19 адамның атына заңсыз несие рәсімдеген
Жаңалықтар Қоғам

Ақсуда банк менеджері 19 адамның атына заңсыз несие рәсімдеген

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысы Ақсу қаласында бұрынғы банк менеджері алаяқтық фактісі бойынша күдіктелуде. Іс материалдарына сәйкес, 26 жастағы азамат өз несиелерін басқа клиенттерге рәсімдеген. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: restaurant-hospitality.com

Көрнекі фото: restaurant-hospitality.com

Күдікті алаяқтың қолынан 19 адам зардап шеккен. Олар полицияға орташа есепте 500 мың теңгені құрайтын несие рәсімделгенін мәлімдеген екен.

Полиция күдіктінің қаладағы компьютерлік техника дүкендерінің бірінде банк менеджері қызметін атқарғанын анықтады. Клиенттерге рәсімделген тұтынушылық несиелердің басым бөлігі өткен жылдың мамыр айы мен тамыз айына бекітілген болып шықты.

Зардап шеккендерге келтірілген залалдың жалпы сомасы 9 млн теңгені құрап отыр.

Ал күдіктінің қыркүйек айында қаладн кетіп қалғаны белгілі болды. Полицейлер оны Алматы қаласынан ұстады.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.

Ұсталған азматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 190- бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізілді. Жақын арада іс сотқа жіберіледі.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel