RU
Қазақ жігітінен сегіз бала туған украин әйелі Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ жігітінен сегіз бала туған украин әйелі Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр

Рассказать Вконтакте

Алматыда украиналық Анжела Потась Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр. Осыған байланысты келіншек Қазақстан және Украина Президенттерінен жәрдем сұрайды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

фото: КТК видеосынан кадр

фото: КТК видеосынан кадр

Анжела 15 жыл бұрын қазақ жеріне келіп, еліміздің азаматына тұрмысқа шыққанын айтты.

Оның сөзінше, күйеуі Арман Батқалов екеуінің 8 баласы бар. Барлығы да Қазақстан азаматы болып табылады екен.

Ол осы уақыт ішінде көші-қон заңын екі мәрте бұзғандықтан депортациялануы мүмкін екенін айтып, көмек сұрады.

"Балаларымның болашағы үшін осындай қадамға бардым. Жолдасым екеуіміз ешкімге алақан жаймай, еңбектеніп тәрбиелеп отырмыз. Мені Украинаға депортацияласа олардың күні не болмақ? Бір жыл өтпейінше Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат сұрай алмаймын. Жақында сот болды. Кінәмді мойындаймын", - деді Анжела Потась.

Украина азаматшасының күйеуі Айдар Батқалов әйелін депортация жасайды деп қорыққанын, сондықтан оны тыға бастағанын, жеке үйінің жоқ екенін жасырмады.

Анжеланың айтуынша, сегіз баланы бір уақытта шетелге алып шығатын шамасы жоқ.

Ол үйдегі жалғыс табыс көзі - Айдардың айлығы екендігін алға тартты.

Анжеланың сөзінше, туған анасы ислам дінін қабылдағаны үшін теріс айналған.

Ол 8 баланың 5-уі мектепте оқитынын, тұңғышы Анаят - 13-те, ең кішісі Адина - 1,5 жаста екенін атап өтті.

"Бақытты отбасы" орталығының Медеу ауданы бойынша жетекшісі Аида Бұқаеваның пікірінше, Анжела Қазақстан азаматы болмағандықтан талай көмектен қағылып отыр.

"Мемлекет беріп жатқан балалардың көмегінің бәрінен тыс қалып жатыр. Алтын алқасы, күміс алқасы, адрестік көмек, жәрдемақылардың бәрін бір теңге де мемлекеттен бұл кісілер жәрдемақы алмайды", - деді ол.

Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек 17 жылдың ішінде Анжелла бірде-бір рет ішкі істер органдарына келіп азаматтық алу жөнінде ұсыныс жасамағанын алға тартты.

"Өзі әрекет етпегеннен кейін қателік толығымен сол кісінің өзінен болып отыр. Заңға қайшы емес болса онда барынша көмек көрсетуге дайынбыз. Титтей бала-шағасының барын біз түсініп отырмыз", - деді полицияның ресми өкілі.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Сіздің реакцияңыз
4
2
0
10
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel