RU
Асхат Тарғын зәулім үй салғалы жатқанын айтып, сүйінші сұрады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Асхат Тарғын зәулім үй салғалы жатқанын айтып, сүйінші сұрады (видео)

Рассказать Вконтакте

"Чип-чип" әнімен танылған Асхат Тарғын Алматы қаласынан жер алып, үлкен үйдің құрылысын бастап кеткенін мәлім етті. Әнші қуанышымен Instagram парақшасында бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші жүктеген видеодан оның қолына құрал-сайманын алып, үйдің қабырғасын қалауға кірісіп кеткенін көруге болады.

Ал желі қолданушылары Асхат Тарғынның бұл ісіне қолдау білдіріп, ісіне сәттілік тіледі. Алайда олардың арасында әншінің әрекетін мақтаншақтыққа балағандар да бар.

"Осы да мақтаныш па? Екінің бірі үй салып жатыр ғой. Не болып кеткенсіңдер, болмайтын нәрсені желіге сала беріп", - деп жазған желідегілердің бірі.

Бұл сын әншіні бей-жай қалдырмай, ол өзіне теріс пікір жазушыға жауап беріп те үлгерген.

"Мақтаныш емес. Оқырмандарыммен қуанышымды бөлісіп жатырмын. Мен үшін дұға тілеп қойыңыздар. Мен де сіздер үшін дұға жасаймын. Болар-болмас нәрсе емес. Мен үшін - қуаныш, жетістік үй салу деген. Мүмкін үй салу сізге болар-болмас жұмыс шығар", - деп пікір білдірді Асхат Тарғын.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Абай Бегей де үй құрылысына кірісіп кеткенін жариялаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel