RU
Жанкүйерлер футболдан әлем чемпионын соққыға жықты
Жаңалықтар Спорт

Жанкүйерлер футболдан әлем чемпионын соққыға жықты

Рассказать Вконтакте

Германия құрамасының футболшысы және дортмундтік "Боруссияның" бұрынғы ойыншысы Кевин Гросскройц жанкүйерлермен болған жаппай төбелесте соққыға ұшырады деп хабарлайды The Sun-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram/fischkreutz

Фото: instagram/fischkreutz

Оқиға Кевин бапкер болып жүрген "Кеммингхаузен" мен "Брамбауэр" матчы кезінде болған.Баспа төбелес барысында матчты бақылап отырған балалар жапа шегуі мүмкін деп хабарлайды.

Футболшының сөзінше, ол трибунада балалардың отырғанын көріп, жанкүйерлерді тыныштандырмақ болған. Гросскройц ойыннан кейін болған оқиғаны бейбіт түрде шешуге үміттенетінін жеткізді.

Шайқас кезінде футболшы бірнеше рет соққы алған.

30 жастағы Кевин Гросскройц 2016 жылы әлем чемпионатын Германия құрамасының сапында жеңген. "Боруссия" атынан шығып екі мәрте Германия чемпионы атанды.

Қазіргі таңда Гросскройц "Юрдиген" атынан ойнап жүр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel