RU
Жігер Ауыпбаев боялған шашы үшін сынағандарға жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жігер Ауыпбаев боялған шашы үшін сынағандарға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын "MashAllah" деген әнге клип түсіру үшін шашын бояп, стилін өзгерткен Жігер Ауыпбаев өзін сынағандарға жауап берді деп жазады "НТК" арнасының "Опмай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Шашты боямау керек" деп айтылмаған негізі. Қараға бояуға болмайды. Басқасының бәріне болады. Енді қызыл-жасылға да бояуға болмайтын шығар. Себебі көзге біртүрлі көрінетін түс қой.

Балалар біледі, мен негізі колледжде жүргенде сондай ерекшеліктерге жақын болатынмын. Жылтыр, адам кимейтін киімдерді тауып киіп аламын. "Қалай киіп жүрсің?" деп сұрайды.

Сол кездерде бәлкім өзімнің табиғатым болған шығар. Сол уақыттарда мелирование жасап алатынмын. Қазіргі кездерде ол қайтадан шығып жатыр.

Бұрын-соңды біздің шоу-бизнесте болмағандай қылып айтып жатыр да. Кезіндегі әншілердің біразын қарасаңыз, ол нәрсе бар. Енді стилистер біздің бейнебаянға солай жасау керектігін айтты", - дейді Жігер Ауыпбаев.

Сондай-ақ, әнші бейнебаяндағы шаштың өзінің табиғи түсі екенін де жеткізді.

"Менің шашымның түсі осындай. Бұрын мен қоңырға, қараға бояйтынмын. Дәрумен жетіспегеннен шығар, шет-шетінің бәрі әппақ болып кетті.

Бірақ өзімнің түсім осыған жақын. Өткенде "Өзімнің түсімді жаңартып бояп беріңізші" дегенімде, ана кісі қарап отырды да, "Сенікі мынаған жақын" деп бояп берді.

Мұның алдында мен қара-қоңыр түске бояйтынмын. Сын-пікірлерді қабылдап барып, мұнан да ашық түске өзгертетін шығармыз, бәлкім", - деп ағынан жарылды Ауыпбаев.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel