RU
Крутой Ержан Максимді өзінің музыкалық академиясына оқуға шақырды

Крутой Ержан Максимді өзінің музыкалық академиясына оқуға шақырды

Рассказать Вконтакте

Ресейлік әйгілі композитор Игорь Крутой оралдық өнерпаз Ержан Максимге өзінің музыкалық академиясында білім алуды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Игорь Крутой Ержан Максимді музыкалық мектебінде оқуға шақырды

Фото: instagram.com/maksim_erjan

Ресейдегі Қазақстанның өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов Оралдан шыққан талантты жеткіншекті кездесуге шақырып, оны композитор Крутоймен таныстырды.

Бұл туралы Ержанның өзі Instagram парақшасында жазды.

"Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой, мен ең алдымен, еліміздің атпал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым.

Студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын.

Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол", - деп жазды Ержан.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel