Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өсек айтуға күніне қанша уақыт жұмсайтыныңызды білесіз бе?

Опубликовано:

Америкалық ғалымдар зерттеу жүргізіп, адамдардың өсек айтуға күніне қанша уақытын сарп ететінін анықтамақ болды. Тәжірибе жасаған мамандар жастардың өсек айтуға құмар екенін байқаған деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: harlancohen.com
Фото: harlancohen.com: UGC

Тәжірибеге 467 адам, яғни, 269 әйел және 198 ер адам қатысқан.

Олар бірнеше күн өздерімен бірге жазба құрылғысын ұстап жүрген. Нәтижесінде адамдар әңгімесінің 14 пайызы басқаларды талқылаудан тұрғаны анықталды.

Оған қоса, жастардың үлкен кісілерге қарағанда көбірек өсек айтатыны белгілі болған. Сондай-ақ, әйел мен ер адам біреулерді талқылауға бірдей бейім тұрады екен.

Зерттеу жұмысының нәтижесінше, адамдардың өсекке күніне 52 минут уақыттарын жұмсайтыны анықталды.

Оған қоса біреуді сыртынан жамандап, талқылау ғана емес, өзгені мақтап, ол туралы жағымды сөздер айту да өсек деп саналатыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1793987-sek-ajtuga-knine-kansa-uakyt-zmsajtynyyzdy-bilesiz-be/

pixel