RU
"Кешірім де сұрамаған": Елордада автобус жүргізушісі баланың басын есікке қысқан
Жаңалықтар Қоғам

"Кешірім де сұрамаған": Елордада автобус жүргізушісі баланың басын есікке қысқан

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласының автобус жүргізушісі қоғамдық көліктен түсіп бара жатқан алты жасар баланың басын есікпен қысып тастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Кешірім сұрамай, кетіп қалды": Нұр-Сұлтанда автобус жүргізушісі есікпен баланың басын қысып тастады

Көрнекі фото: weproject.media

Бұл туралы Instagram-дағы @astanovka98 парақшасында жарияланды.

13 мамыр күні келіншек баласын балабақшаға апара жатып, автобусқа отырған. Түсетін кезде автобус жүргізушісі әдеттегідей алдымен алдыңғы есікті ашып, жолаушыларды кіргізіп, кейін ортаңғы және артқы есіктерді ашқан.

Анасы мен баласы түсіп бара жатқанда, жүргізуші есікті жауып алыпты. Жабылған есік бүлдіршіннің басын қысып тастаған. Жолаушылар болса балаға көмекке асыққан.

Жұрттың айғайын естіген жүргізуші есікті қайта ашқан. Анасының сөзінше, ұлының беті қатты қысылып, құлағы қызарып кеткен.

Алайда олар көліктен түсе салысымен, жүргізуші кешірім сұрамай кетіп қалыпты.

Келіншек автобустың нөмірін жаттап алып, 109 нөміріне хабарласып, арызданған.

Бұл хабарламаға қатысты ресми Astana LRT аккаунты пікір білдірді.

"Сәлеметсіз бе! Бұл шағым көлік бақылау департаментіне жіберілді. Қортындылар жайында кейінірек хабарлайыз", деп жазды компания өкілдері.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel