RU
Төреғали Төреәлі 18 жастағы қарындасына тұрмысқа шығуға рұқсат берген
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Төреғали Төреәлі 18 жастағы қарындасына тұрмысқа шығуға рұқсат берген

Рассказать Вконтакте

"Ұлы дала баласы" 18 жасқа енді толған қарындасына тұрмысқа шығуға рұқсат берген. Бұл туралы көпшілікке Фариза Төреәлінің өзі айтып қойды. Бұл мәлімдемелерге қарағанда Төлеповтер әулетінде тойдың күні де алыс емес көрінеді деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Шоу-бизнес жұлдызының туған қарындасы әнші ағасы мен әкесі өзінің тұрмысқа шығуына қарсы емес екенін жеткізді.

Төреәлі Төлепов пен Төреғали үй еркесінің 18 жасқа толған бойда қалыңдық атануына еш кедергі келтірмейтіндерін айтқан.

"Осы жөнінде бізде әңгіме болды. Әкем мен ағам да өздері 18 жасқа тола салысымен тұрмысқа шығуыма рұқсат берді. Бірақ оған ешқандай себеп болған жоқ. Жай өздері айтты. Бірақ меніңше маған әлі ерте. Анамның айтуынша, 18 жас деген тым ерте. Менің де пікірім сондай. Әлі оқу керек деген секілді" , - деді Фариза Төреәлі.

Әпкесінің бұл сөзіне Төрештің кіші қарындасының да айтары бар болып шықты.

"Жақсы адам кезіксе, ұстамаймыз деді ғой, сөздің қысқасы" , - деді Төлеповтер әулетінің кенжесі Дина.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel