RU
Тоқаев Атырау облыстық ПД бастығына қатысты қатаң шара қолданылатынын ескертті

Тоқаев Атырау облыстық ПД бастығына қатысты қатаң шара қолданылатынын ескертті

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облыстық Полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевтың әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, фото: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаев, фото: NUR.KZ

Мемлекет басшысы желіде тараған видеоға қатысты Twitter желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

"ІІМ Е.Тұрғымбаевқа Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, желіде Атырау облысы Полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаев бейнеленген видео тараған болатын.

Бұған қатысты ІІМ пікір білдіріп, қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel