Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсіңізде суға бату нені білдіреді?

Опубликовано:

Түсіңізде суға бату шынайы өмірде қиындықтармен күресу керек екенін білдіреді. Алайда кейде мұндай түсті ерік-жігер таныту, көмектесу деп жориды. Еnigma-project.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ түсіңізде суға батқаныңызды қалай жору керегін назарыңызға ұсынады.

Түсіңізде суға бату нені білдіреді?
Көрнекі фото: enigma-project.ru: Facebook

Түсіңізде суға бату шынайы өмірде қиындықтар болатынын, сезімдердің құрсауына түсетініңізді білдіреді.

Ал суға батып бара жатып, аман қалсаңыз - мансабыңыз өсіп, табысыңыз көбейеді деген сөз.

Ағын су бірнеше адамды әкетіп бара жатқанын көрсеңіз, жақындарыңыздан айырыласыз.

Біреуді суға тұншықтырып жатсаңыз, шынайы өмірде сезімдеріңіз бақылаудан шығып, күйзеліске түсесіз деген сөз.

Батып бара жатқан адамды құтқарып қалсаңыз, жұмыста жеміске жетіп, көп қаржы табасыз.

Ал көп адамның суға батып бара жатқанын көре тұрып, бір адамды ғана құтқара алсаңыз, қиын таңдау жасайтыныңызды білдіреді. Ал бәрін құтқара алсаңыз, алға қойған мақсатыңызға жетесіз деген сөз.

Әйел адам күйеуінің суға батқанын көрсе, бұл жұбайының көзіне шөп салып жүргендігін білдіреді.

Сондай-ақ мұндай түсті жоруда түс көрушінің әрекеттеріне ерекше мән беру керек.

  • құтқару шеңберін лақтыру - игі іс жасау;
  • батып бара жатқан адамға немғұрайлылықпен қарау - достардың қолдауынан айырылу;
  • суға кетіп бара жатқан адамның қасына қайықпен жүзіп келу - өзіңізді қауіпсіз сезінесіз.
  • батып кеткен адамды судан іздеу - қиын істі бастайсыз деген сөз.
  • батып бара жатқан адамға жүзіп бару - қиындықтарыңызды өзіңіз шешесіз.
  • батып бара жатқан адам сізді тартып жатқанын сезу - сізді алдауға тырысуда.

Түсіңізде адам суға батып кетсе, өңіңізде көп шығын шығып, қаржылық жағдайыңыз нашарлайды.

Су көлікпен бірге бату - қаржылық қиындықтар туындайтынын, жағдайды түзеу үшін көп тер төгу керек болатынын ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1794041-tsiizde-suga-batu-neni-bildiredi/

pixel