RU
Ақмола облысы әкімінің орынбасары қаза тапқан жол апатының видеосы пайда болды

Ақмола облысы әкімінің орынбасары қаза тапқан жол апатының видеосы пайда болды

Рассказать Вконтакте

Желіде Ақмола облысы әкімінің орынбасары қаза тапқан жол апатының видеосы пайда болды деп хабарлайды BNews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видкодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видкодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Көліктегі видео тіркегішке түсіп қалған бейнероликте Land Cruiser-дің үлкен жылдамдықпен келе жатып, тас жолға жөндеу жұмыстарын жүргізетін көлікке соқтығысқаны көрініс тапты.

Асфальт төсейтін көлік жолдың шетінде тұрған.

Айта кетейік, жол апаты тоғызыншы мамыр күні Петропавл-Нұр-Сұлтан тас жолында болған. Салдарынан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нүркенов қаза тапты.

Қазіргі таңда, полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың анық-қанығын анықтап жатыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel