RU
Қарағандыда құбыр жарылып, ыстық су аспанға атқылады (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда құбыр жарылып, ыстық су аспанға атқылады (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда Мұз сарайының алдындағы жасыл көгал мен қымбат шыршалар жылу магистралінің жарылуынан ыстық суға күйіп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мен коммуналдық қызмет диспетчеріне хабарласып, құбыр жарылғанын жеткіздім. Өзге жүргіншілер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялап жатқанда, мен диспетчермен байланысуға тырыстым. Ыстық судың астында қалған ағаштарға обал болды", - дейді оқиғаның куәгері Наталья Васильева.

Ескі тозығы жеткен құбыр су қысымына төтеп бере алмай жарылған. Абырой болғанда оқиға орнында адамдар болмаған.

Айта кететін жайт, "Қарағанды-Арена" мұз сарайына жиі балалар келеді.

Коммуналдық компания ақау гидравликалық сынау кезінде анықталғанын түсіндіріп өтті.

"Бүгін жоспарлы гидравликалық сынау жүргізілді. Соның нәтижесінде сағат 11 шамасында жылу желісінде осы апат орын алды. Құбыр жарылуының диаметрі - 1000 мм. Құбыр жарылғаннан кейін бес минут өтпей су тоқтатылды", - деп түсіндірді "Теплотранзит Караганда" компаниясының баспасөз қызметі.

Коммуналдық қызметкерлердің сөзінше, гидравликалық сынаулар құбырдағы ақауларды анықтап, жылыту маусымы басталмай тұрып, жазда жөндеу мақсатымен жүргізіледі.

Бұл апат қарағандылықтардың ашуын тудырды. Бұған себеп тек ағаштардың зақымдануы емес, сондай-ақ пәтерлерде ыстық судың жоғы. Әдетте қарағандылықтар жаз бойы ыстық су жылытып, легенмен жуынады немесе су жылыту құрылғыларын сатып алады.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel