RU
"Голос.Дети": Алсудың қызы жеңіске әділ түрде жеткен болып шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Голос.Дети": Алсудың қызы жеңіске әділ түрде жеткен болып шықты

Рассказать Вконтакте

14 мамыр күні соңы даумен аяқталған "Голос.Дети" байқауындағы дауыс беру нәтижесі белгілі болды. Қорытындыны "СМС сервисы" компаниясы жариялаған деп хабарлайды "Комсомольская правдаға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Санкт-Петербургте орналасқан "СМС сервисы" компаниясы ресми түрде балалар байқауындағы көрермендер даусын есептеген.

Жобада Алсудың қызының жеңісінен кейін жанжал шыққандықтан ішкі тексеріс жүргізілген.

Компания қызметкерлері тікелей эфир кезінде көрермендер жіберген хабарламалар мен қоңыраулардың барлығын тексеріп шыққан.

Сейсенбі күні тексерістің ресми нәтижесі жарияланды.

Жария болған мәліметтерге сәйкес, дауыс берген ұялы нөмірлердің барлығы тіркелгені анықталды. Дауыстарды заңсыз жолмен көбейтіп алу мүмкін емес болып шықты.

Тексеріспен айналысқан компания дауыс беру кезінде қандай да бір қателіктің орын алуы мен дауыстарды көбейту болмағанын жеткізді. Олардың сөзінше, хакерлік шабуылдар анықталмаған.

Басылымның жазуынша, Микелла Абрамованың жеңісі әділ болып шыққан.

Еске сала кетейік, қазақстандық Ержан Максим ресейлік "Голос дети" байқауының финалына дейін сүрінбей өтіп, екінші орынға ие болды. Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған танымал әнші Алсудың қызына бұйырған.

Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалардың барлығы әділетсіздікке теңеді.

Сондай-ақ отандық жұлдыздар да Ержан Максмиге қолдау көрсетті.

Айта кетейік, "Голос.Дети" музыкалық жобасының финалында жеңіліс тапқан жас таланаттарға Алла Пугачева да қолдау білдіріп, өнерпаздарға ерекше сыйлық табыстады. Олардың арасында Ержан Максим де бар.

Сіздің реакцияңыз
7
0
1
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel