RU
Ержан Максим арманын орындаған Тасмағамбетовке алғысын жаудырды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ержан Максим арманын орындаған Тасмағамбетовке алғысын жаудырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық жас талант Ержан Максим арманын орындаған Иманғали Тасмағамбетовке алғыс білдірді. Жеткіншек Instagram парақшасында Қазақстанның Ресейдегі елшісінің арқасында Игорь Крутоймен танысып, оның академиясында оқуға мүмкіндік алғанын қуана жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ержан Максим желіде Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен және Игорь Крутоймен түскен суретін жариялады.

Дарынды қазақ баласымен кездесу Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде болған.

"Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. "Неге" дейсіз ғой, мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым.
Студияда мені тыңдаған маэстро ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол", - деп жазды Ержан Максим.

Желі қолданушылары да жеткіншектің бұл жаңалығын қуана қабылдап, тілектестіктерін білдірді.

"Ержан, сен үшін қуаныштымын", "Жарайсың", "Құттықтаймыз, Ержан", "Сәттілік тілеймін", "Өнерің өрге жүзсін", "Бұл өте керемет жаңалық. Маэстродан білім алу көп адамға бұйыра бермейді".
"Иманғали Тасмағамбетов ағамызға рахмет", "Бәрі енді басталды", "Бағындырар асуларың көп болсын" деді желідегілер.

Еске сала кетейік, "Голос. Дети" музыкалық жобасында әнші Алсудың қызы жеңіп кеткені желіде үлкен дауға ұласты. Көпшілік нағыз жеңімпаз деп қазақстандық Ержан Максимді атады.

Тіпті, бірқатар ресейлік жұлдыздар жеңіс қазақ баласына тиесілі болу керектігін баса айтқан.

Отандық шоу-бизнес өкілдері де Ержанға қатысты әділетсіздік орын алғанын мәлімдеп, оған барынша қолдау білдірген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel