Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық экономика министрлігінің шенеунігі сот алдында жауап бермек

Опубликовано:

Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов Нұр-Сұлтандағы Есіл аудандық сотында жауап бермек. Шенеунік алаяқтық үшін айыпталуда. Ол жарты миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінген деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото : Facebook/Асланбек Джакупов
Фото : Facebook/Асланбек Джакупов: UGC

Жақыпов қатысты тергеу жұмыстары қысқа мерзімде аяқталып, іс сотқа өтті. Алайда, оған тағылған айып ауыстырылған. Енді Жақыпов пара алғаны үшін емес, алаяқтық үшін айыпталып жатыр.

Министрлік өкілі өз кінәсін мойындап, тергеу жұмыстарын тездетіп аяқтауды сұраған.

Басылымның атап өтінуше, үш күн өткен соң, Жақыпов өзіне тағылған айыппен келіспейтінін жеткізіп, желіде арнайы жазба жариялаған.

Онда ол ешқашан пара алмағанын және болашақта да алуды көздемейтінін айтты. Ал Ұлттық бюро жөнінде ол, құзырлы органның "өткен жылдың қағазына" қатысты сұрақтары бар екенін жеткізді. Оның сөзінше, қазіргі таңда сол құжаттарға байланысты тексеріс жүруде.

Жақыпов тексерістің әділ жүретініне сенім білдірді.

"Время" басылымының жазуынша, қылмыстың пара алудан алаяқтыққа ауыстырылуы сирек құбылыс емес. Мәселен, шенеунік пара үшін белгілі бір мәселені шешіп беруге уәде беріп, алайда шын мәнінде қолынан келмейтін болса, ол пара емес, алаяқтық әрекет жасады деп есептеледі.

Қылмыстық кодекстің 190 бабының үшінші бөлімінде, "мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдалануымен ұштасса" деп жазылған.

Басылымның хабарлауынша, Жақыповтың айыбы да дәл осы тармаққа байланысты ауыстырылған.

Шенеунік бұл айыптауға сәйкес, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл төлеуге, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айырылып, белгілі қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін. Басылымның ақпаратынша, Жақыповтың сотын судья Тобағалиұлы жүргізетін болады. Бірінші отырыс 23 мамыр күні сағат 10:00-ге бегіленген. Сот ашық түрде өтетін болады.

"Время" басылымының журналистері сот үрдісі қысқартылған тәртіпте өтіп жатқандықтан тез аяқталады деп болжап отыр. Мұндай жағдайда заңға сәйкес, жаза да барынша жұмсартылмақ. Шағын айыппұл салынып немесе шартты мерзім берілуі мүмкін.

"Время" басылымының рұқсатынсыз материалды көшіріп-басуға тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1794130-lttyk-ekonomika-ministrligini-seneunigi-sot-aldynda-zauap-bermek/

pixel