RU

Талдықорғанда екі жастағы қыз балабақшаның терезесінен құлап кетті

Талдықорғанда екі жастағы сәби мектепке дейінгі балалар мекемесінің терезесінен құлап кетті деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Оқиға 15 мамыр күні орын алды.

Екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен қыз баланың ауыр жарақат алғаны хабарланды.

Нәресте аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1794151-taldykorganda-eki-zastagy-kyz-balabaksany-terezesinen-klap-ketti.html