RU
Жамбыл облысында 10 жастағы қыз бала безгектен көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл облысында 10 жастағы қыз бала безгектен көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданында 10 жастағы қыз бала қырым қанды безгегінен көз жұмды. Жасөспірім кенеден келетін кеселді қалай және кімнен жұқтырғаны әзірге белгісіз деп хабарлайды Астана арнасы.

Фото: ria56.ru

Фото: ria56.ru

Белгісі балақай жақында ғана Өзбекстаннан келген. Дәрігерлер оның ауруханаға ауыр жағдайда түскенін айтады.  

"Мекен-жайлары жоқ және мына Өзбекстан азаматтары. Қайыр сұрап, күн көріп отырған адамдар болып шықты. Бірақ өзінің кеш қаралуына байланысты, аурудың асқынуын өткізіп жіберуіне байланысты оны алып қалу мүмкін болмады.
Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оның көзін іздеу үшін сол аумақтың барлығынан кене жиналып, тексерілді. Оның бәрі теріс мән берді" , - деді облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшы орынбасары Күмісбек Рахимов.

Мамандардың мәлімдеуінше, жыл басынан бері 481 адамды кене шаққан. Қауіпті қансорғыштардан зардап шеккен жамбылдықтар қазіргі таңда қатаң бақылауға алынып, оларға қатысты тыңғылықты тексеру жүргізілген.

Айта кетейік, Жамбыл жеріндегі 50-ге жуық елді-мекен қырым қанды безгегінің табиғи ошағы болып есептеледі. 

Д. Әлімқұл

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel