RU
Головкин мен "Канелоның" үшінші кездесуі өтуі мүмкін мерзім аталды

Головкин мен "Канелоның" үшінші кездесуі өтуі мүмкін мерзім аталды

Рассказать Вконтакте

Сауль Альварестің со-промоутері Эдди Хирн мексикалық пен Геннадий Головкиннің келесі кездесуі қашан өтуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: boxingscene.com

Фото: boxingscene.com

Хирннің сөзінше, боксшылардың үшінші жекпе-жегі күзде өтуі мүмкін.

Альварес-Головкиннің жекпе-жегіне қатысты шу басылмағанымен, бұл кездесу екі боксшыға да жақсы табыс әкелуі мүмкін.

Со-промоутердің сөзінше, "Канело" Головкинмен тек бір жағдайда ғана кездеседі. Яғни, үшінші кездесу қазақстандық 8 маусымда жеңіске жетсе ғана болады.

GGG-ден бөлек, Альварес келесі қарсыластары ретінде "Ринг" журналы версиясы бойынша чемпион Каллум Смит пен Деметриус Андрадені қарастырып отыр.

Андрадені жеңген жағдайда "Канело"орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанады.

Хирннің сөзінше, келесі жылы көрермендер екі кездесу көруі мүмкін.

Басылымның ақпаратына сәйкес, Хирн де, жоғарыда аталған спортшылар да DAZN-мен серіктес.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
5
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel