RU
"Жүрегім қазақ": Төреғалидің әнін айтқан орыс келіншек пен азаматқа ел сүйсінді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Жүрегім қазақ": Төреғалидің әнін айтқан орыс келіншек пен азаматқа ел сүйсінді

Рассказать Вконтакте

Төреғали Төреәлінің әндерін тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де сүйіп тыңдайтын болып шықты. Оған дәлел ретінде әнші өзінің орындауындағы әнді жатқа айтқан ұлты орыс әйел адам мен азаматтың видеосын жариялап, жұртты таңғалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Қазақ тілінде ән айтқан өзге ұлт өкілдерінің видеосын Төреғали өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

Бейнежазбада аталмыш жұп көлікте келе жатып, қазақстандық жұлдыздың әнін жатқа орындаған.

"Жүрегім қазақ" деп ән салған әйел адам мен азаматқа желі қолданушылары риза болып, видеодан алған әсерімен жарыса бөліскен.

"Өте керемет. Бізде қазақша жөнді сөйлей алмайтын қазақтар жетерлік" , "Керемет орындау. Халықтың жаманы болмайды. Жарады орыс бауырларымыз" , "Жүз мәрте қарап шықтым, көзім тоймай, "Тамаша, қазақша еркін түрде сайрап тұр" ,
"Керемет, денем тітіркеніп кетті ғой", "Көріп отырып риза болады екенсің" , "Кәдімгідей жақсы айтып жатыр. Жарайсыңдар" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
3
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel