RU
Жанар Хамитованың екінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

Жанар Хамитованың екінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

Рассказать Вконтакте

Жанар Хамитова он жыл отасқан жұбайымен 2018 жылдың 26-шы желтоқсанында заңды түрде ажырасқан. Бірінші некесі сәтсіз аяқталған әнші екінші рет тұрмысқа шығу жоспарында бар екенін жасырмады деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жоспарда бар. Бірақ білмеймін. Жігіттердің бәрі сымбатты. Ұсыныстар өте көп. Біз күйеуім екеуміз Түркияның Анталия қаласында жүргенде екі жаққа кеттік қой. Сол жақта қаншама жігіттерден ұсыныс болды десеңізші. Кімді таңдарымды білмей қалдым. Дайынмын", - дейді әнші.

Сондай-ақ әншінің айтуынша, ол бірінші некедегі қос ұлымен жиі кездесіп тұрады екен.

"Жиі кездесіп тұрамыз. Балаларым өйткені таңнан кешке дейін оқуда, осы жақта. Менің күйеуім олардың оқуының барлық ақшасын өзі төлейді. Олар түрлі үйірмелерге қатысады. Бұрынғы күйеуім балаларымның барлық талап-тілегін орындауға дайын. Дәл қазір олар тауға демалуға кетті", - дейді Жанар Хамитова.

Естеріңізге сала кетейік, сахнадан көрінбей кеткен әнші 11 жылдан соң басынан өткен қиын күндері жайлы шындықтың бетін ашқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
1
4
1
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel